АҚШ мұнай компаниялары пайданың айтарлықтай өсуін күтіп, президент Дональд Трамппен жанармай бағасына қатысты қақтығысқа дайындалуда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Компаниялардың пайдасының өсуі мұнай бағасының көтерілуімен байланысты, бірақ бұл жанармай бағасының өсуіне әкеліп, Трамп әкімшілігінің наразылығын тудыруы мүмкін. Трамп бұған дейін мұнай компанияларын жанармай бағасын төмендетуге шақырған болатын.
