АҚШ Иранның Mahan Air әуекомпаниясын қолдайтын желілерге қарсы санкциялар салды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Санкциялар Mahan Air-ға материалдық және логистикалық қолдау көрсеткен бірнеше компания мен жеке тұлғаларды қамтиды. Бұл әуекомпания Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусымен (IRGC) байланысты деп айыпталады. АҚШ билігі бұл шаралар Иранның әскери және террористік әрекеттерін қаржыландыруды тоқтатуға бағытталғанын мәлімдеді.