АҚШ пен Иран арасындағы соққылардың күшеюі трейдерлерді алаңдатып, мұнай бағасы $1-ден астамға көтерілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Нарықтағы шиеленіс геосаяси тәуекелдердің артуына байланысты мұнай бағасының өсуіне әкелді. Трейдерлер АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстың одан әрі өршуі мүмкін деп сақтық танытуда.
