АҚШ Қаржы министрлігі Иран мұнайымен сауда жасауға уақытша жалпы лицензияны жойып, 22 маусымда берілген 60 күндік рұқсатты күшін жойды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
7 шілдеден бастап Иран мұнайымен, мұнай өнімдерімен және мұнай химиясымен кез келген жаңа мәмілелер жасауға толық тыйым салынды. Бұрын басталған және рұқсат етілген операцияларды нарық қатысушылары 17 шілдеге дейін толығымен жабуға міндетті.
Себеп — Ормуз бұғазында үш коммерциялық кеменің (оның ішінде Катар мен Сауд Арабиясының танкерлері) белгісіз снарядтармен атқылануы болды. АҚШ өкілдері жауапкершілікті Иранға жүктеп, оның әрекеттерін мүлдем қолайсыз деп атады.
Сонымен қатар, әлемдік агенттіктердің жазуынша, АҚШ өкілі осы оқиғаларға қарамастан Иранмен бейбіт келіссөздер жалғасып жатқанын айтты.
АҚШ-тың ресми мәлімдемесінен кейін әлемдік мұнай бағасы 3–5%-ға өсті.
Бұған дейін «Курсив» Трамптың Ормуз бұғазын толық бақылайтынын және Иранға қауіп төндіргенін жазған болатын.
