АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Substack порталындағы мақаласында АҚШ Халықаралық қылмыстық сотты (ХҚС) егемендікке қауіп төндіреді деп санайтындықтан, оны толығымен таратпақшы екенін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Рубио мәлімдемесінде: "АҚШ мәні қарапайым дипломатиялық науқан бастап жатыр: егемен мемлекеттер жаһанданудан жоғары тұрады... Үкіметіміздің қолындағы барлық құралды пайдаланып және ортақ тіл таба алатын әрбір одақтасымен иық тіресе жұмыс істей отырып, қажет болған жағдайда Халықаралық қылмыстық сотты "кірпіштеп" таратамыз", - деді.

Сонымен қатар, Рубио АҚШ одақтастарын шетте қалмауға және Халықаралық қылмыстық сотқа қарсы бұл науқанға күш біріктіруге шақырды. Рубионың айтуынша, ХҚС-ны АҚШ-қа деген дұшпандықпен біріккен "солшыл үкіметтік емес ұйымдар, өзімшіл жаһанданушылар және үшінші әлемнің тату емес үкіметтері" желісімен басқарады.

Сонымен қатар ХҚС билікті тартып алуға тырысу және өзін АҚШ Конституциясы мен америкалық сот жүйесінен жоғары қою арқылы америкалық сарбаздарға, шекарашыларға және саясаткерлерге қауіп төндіреді, деп жазды мақалада АҚШ дипломатиясының басшысы.

Айта кетері, Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) құзыретін әлем халқының жартысынан көбі тұратын елдер мойындамайды.