Ақ үй Халықаралық қылмыстық сотқа қарсы санкциялар енгізді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Reuters агенттігі АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, бұл шешімді растады. Рубио былай деді: "Президент Трамп Халықаралық қылмыстық сотқа америкалықтарды қудалауға ешқашан жол бермейді. <…> Біз бұл оқшауланған сотпен мәмілелерге тыйым саламыз, оның ресурстарын тоқтатып, жұмыс істеу қабілетін шектейміз".
АҚШ Қаржы министрлігі соттың қызметін жалғастыру немесе шектеу үшін қажетті қаржылық мәмілелерге 2027 жылдың 7 сәуіріне дейін рұқсат берді.
Сонымен қатар Мемлекеттік департамент Рим статутына қатысушы елдерге соттың жұмысына қатысты Вашингтонмен келіспеушіліктерді шешуде ілгерілеушілікке қол жеткізу үшін 180 күн уақыт берді.
Өз кезегінде Халықаралық қылмыстық сот (ХҚС) АҚШ-тың сотқа институт ретіндегі санкцияларын қатаң айыптап, бұл қадамды бұрын-соңды болмаған шара деп атады. Бұл жөнінде сот бүгін жарияланған мәлімдемесінде жазылған.
"Бүгін АҚШ Халықаралық қылмыстық сотқа қарсы институт ретінде санкциялар енгізді. Бұрын-соңды болмаған бұл қадам әділеттілік үшін қызмет ететін 13 тәуелсіз судья мен прокурорға қарсы бірқатар санкциялардан кейін жасалды", — делінген сот мәлімдемесінде.
ХҚС АҚШ билігінің шешімін қатты айыптайтынын, бұл заң үстемдігіне және халықаралық құқықтық тәртіптің негізіне жасалған шабуыл деп сипаттады.
