Трамп әкімшілігі H-1B жұмыс визасына $100,000-нан астам алым енгізуді ұсынып отыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл шара жоғары білікті шетелдік жұмысшыларға арналған визалардың құнын айтарлықтай арттырады. Ұсыныс әлі заң күшіне енбеген, бірақ қазірдің өзінде кәсіпкерлік ортада дау тудырып отыр.
