АҚШ Жер орбитасында ғарыштық қару орналастырғанын растады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл — Вашингтонның ғарыштағы шабуылдау мүмкіндіктерін алғаш рет мойындауы. Ресей мен Қытай бұған ғарышта қару жарысы басталуы мүмкін деген ескертумен жауап берді.

Алайда BBC-нің қорғаныс мәселелері жөніндегі тілшісі Джонатан Билдің айтуынша, бұл жарыс қазірдің өзінде жүріп жатыр.

Қарудың қалай жұмыс істейтіні туралы мәліметтерді АҚШ шенеуніктері жариялаған жоқ.