АҚШ Энергетика министрлігі Energy Fuels компаниясымен сирек жер металдарын өндіруді арттыру үшін 725 миллион доллар көлемінде несие келісіміне қол қойды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Келісім АҚШ-тың сирек жер металдарына деген тәуелділігін азайтуға бағытталған. Бұл металдар электроника, қорғаныс өнеркәсібі және жаңартылатын энергия көздерінде қолданылады.