АҚШ Ұлттық барлау басқармасының кеңсесі 30-дан астам елдегі 120-дан астам биологиялық зертхананы АҚШ үкіметі қаржыландырғанын растайтын құжаттарды жариялағанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Барлау қауымдастығының архивтері мен материалдарын бірнеше ай бойы зерттегеннен кейін Ұлттық барлау директоры Тулси Габбард 30-дан астам елдегі 120-дан астам биологиялық зертхананы АҚШ үкіметі ұзақ жылдар бойы қаржыландырғанын растайтын жаңа деректерді жариялап отыр", – делінген ведомствоның хабарламасында.

АҚШ Ұлттық барлау құжаттарына сәйкес, Украина аумағындағы зертханаларда сібір жарасы, туляремия, Эбола вирусы, оба және басқа да қауіпті патогендер сақталған.