АҚШ әскери күштері Таяу Шығыстағы американдық күштерге қарсы ұшырылған ирандық баллистикалық зымырандарды ұстап қалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ әскери қолбасшылығының мәлімдемесіне сәйкес, зымырандар сәтті ұсталып, ешқандай зардап келтірмеді. Оқиға Таяу Шығыстағы шиеленістің артуы аясында болды. Иран тарапы әзірге ресми түрде мәлімдеме жасаған жоқ.
