Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы қызметін атқарған Руслан Желдібай лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оны қызметінен босату туралы тиісті жарлыққа қол қойды. Бұл ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

««Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды», — делінген ресми хабарламада.»

Руслан Желдібай бұл лауазымға 2022 жылдың қыркүйегінде тағайындалып, Берік Уәлиді алмастырған еді. Оның қызметтен кету себебі мен орнына кімнің келетіні әзірге белгісіз.

Фото: Ақорда