Ақмола облысы Макинск қаласында жол апатынан екі адам зардап шекті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 19 маусым күні сағат 11:35-те болды. ВАЗ-2114 және Audi автокөліктері соқтығысқан.
Апат салдарынан ВАЗ-2114 автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі және Audi көлігінің 41 жастағы жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді, - дейді полициядағылар.
Адамдардың денсаулығына зиян келтіріп, жол ережесін бұзғаны үшін көлік тізгіндеу құқығы жоқ ВАЗ-2114 автокөлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылды.
