Ақмола облысында жеңіл көлік үш жол жұмысшысын қағып кетті, салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 23 қазанда Астана – Атбасар – Жақсы тас жолында болған.

Жолдың 163-шақырымында Chery Arrizo 8 маркалы автомобиль жол ұйымының үш қызметкерін қағып кеткен. Полицияның хабарлауынша, жұмысшылар жарық шағылыстыратын кеудешесіз жүріс бөлігінде болған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты, екі адам медициналық мекемеге жатқызылды», — делінген өңірлік полиция департаментінің хабарламасында.

Апат фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.