Ақмола облысында заңсыз еңбек етіп жүрген 70-тен астам Қытай азаматы анықталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған дерекке сәйкес, облыс аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген Қытай Халық Республикасының 70-тен астам азаматы анықталған.

Тексеру барысында олардың еңбек қызметін заңды негізде жүзеге асыруға қажетті рұқсат құжаттарының жоқтығы анықталды.