Ақмола облысында 21 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелеріне үкім шығарылды. Олар азаматтардың жеке деректерін заңсыз пайдаланып, несие рәсімдеген. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, алаяқтар қазақстандықтардың жеке деректеріне алдау арқылы қол жеткізіп, екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарында несие рәсімдеген. Нәтижесінде зардап шеккендер мен қаржы ұйымдарына шамамен 2 млрд теңге көлемінде шығын келтірілген.
«5 тамызда Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты барлық 21 айыпталушыны кінәлі деп таныды. Әрқайсысының рөліне қарай олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды», — деп хабарлады прокуратурада.
Сонымен қатар, сот қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеу туралы шешім қабылдады. Оның ішінде Алматыдағы пәтерлер, Lexus LX 570, Toyota Land Cruiser 200, Toyota Camry және басқа да көлік құралдары бар.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін «Курсив» Астанадағы ОПГ мүшелеріне қатысты сот туралы айтқан болатын. 10-нан астам адам азаматтарды көлікке несие алуға көндіріп, оларға 1–2 млн теңге төлеп, «қарызды өздері жабамыз» деп уәде берген. Ал іс жүзінде көліктерді қайта сатып, шетелге шығарып жіберген. 100-ден астам адам зардап шеккен, алаяқтар осылайша 165 көлік рәсімдеген.
