Ақмола облысында фермер мемлекеттен заңсыз 50 млн теңге субсидия алған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мемлекеттік субсидия алу үшін жалған құжаттар ұсынған. Осылайша, ол 50 млн теңге көлемінде заңсыз қаражат алған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға берілуде.

Тергеу барысында субсидия алудың заңдылығы тексерілуде. Қосымша мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.