Ақмола облысында күрделі жөндеуден кейін Аршалы және Сарыоба теміржол вокзалдары салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Екі вокзал да толығымен жаңартылды. Атап айтқанда, шатыр ауыстырылып, сыртқы және ішкі әрлеу жасалды. Сонымен қатар су, кәріз, жылу және электрмен жабдықтау инженерлік желілері жаңғыртылды. Вокзал маңындағы аумақ та абаттандырылып, жолаушылар перроны жаңартылды. Жиһаздар мен құрал-жабдықтар да сатып алынды.