Ақмола облысында 38 жастағы Есіл аудандық ауруханасының терапевтінің қайтыс болуы тергелуде. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

КТК телеарнасының мәліметінше, әйел қайтыс болар алдында Көкшетауға қылмыстық іс бойынша куә ретінде допросқа барған. Бұл ақпарат пабликтерде тараған.

Дәрігер демалыстан жаңа ғана оралған. Телеарна әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға сілтеме жасай отырып, допрос кезінде оның ұялы телефоны тәркіленгенін хабарлайды.

Әйелді жұмысқа шықпағаннан кейін іздей бастаған. Оның денесі Есілдегі үйінен табылды.

Экономикалық тергеу департаменті түсініктеме беруден бас тартты. Полиция суицидке жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

«Алдын ала анықталғанындай, Есіл ауданының 38 жастағы тұрғыны суицид жасаған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда», — деді Ақмола облысы ПД ақпараттық саясат бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Асем Абдрахманова.

Допрос пен дәрігердің қайтыс болуы арасындағы байланыс әзірге анықталмаған.