Ақмола облысында аттан құлаған 33 жастағы әйел көз жұмды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 6 шілдеде Целиноград ауданындағы ат спорты клубтарының бірінде болған. Астана қаласының 33 жастағы тұрғыны ауыр жарақат алып, бір айдан астам уақыт ауруханада ес-түссіз жатқан.

Өкінішке қарай, ол 13 тамызда қайтыс болды.

Полиция қылмыстық іс қозғады. Ақмола облысының полиция департаментінің мәліметінше, "6 шілдеде Астана қаласының тұрғыны аттан құлады. Осыған байланысты қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға Целиноград ауданының аумағында орналасқан ат клубтарының бірінде болды".

Тергеу жүріп жатыр.