Ақмола облысының Зеренді ауданында аң аулауға шыққан ер адам серіктесін абайсызда атып алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 6 қыркүйекте болған. Әлеуметтік желіде жазылғандай, алты адам елік аулауға шыққан. Аңшылардың бірі мылтықтан артқа қарай абайсызда оқ атқан.

Оқ оның артында тұрған 64 жастағы ер адамға тиген. Алған жарақатынан ол оқиға орнында көз жұмды.

Полиция қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қару иесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақмола облысының полиция департаментінің мәліметінше, мылтық Көкшетау қаласының тұрғынына тиесілі болған.