[ad_1]

««Державинск қаласынан 10 шақырым жерде Ан-2 ұшағы өртенді”, – деп жазылған хабарламада.»

—

Ведомсвтво хабарлауынша, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

««Пилот жанып жатқан ұшақтан өздігінен эвакуацияланды», — деп жазылған хабарламада.»

—

Құтқарушылар сегіз минуттың ішінде өртті оқшаулады. Қазіргі таңда өрт толығымен сөндірілген.

Көлік министрлігі бұл апатты арнайы комиссия тергейтінін мәлімдеді. Министрлік дерегінше, оқиға жексенбі күні болған. UPA0141 нөмірімен тіркелген ұшақ «Бүркіт-Авиа» ЖШС-ға тиесілі. Ан-2 техникалық ұшу жасаған. Бортта бір пилот болған.

««Оқиға бойынша Көлік министрлігі әуе апатын тергеу үшін комиссия құрып жатыр. Департамент қызметкерлері әуе апаты орнына аттанады”, – делінген хабарламада.»

—

[ad_2]

Дереккөз: ulysmedia.kz