Ақмола облысында алтын өңдейтін жасырын цех анықталып, одан алтын, ақша және қару-жарақ табылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, жасырын цехта алтын кенін өңдеуге және бағалы металдарды бөліп алуға арналған толық құрал-жабдық болған. Тінту барысында кенді ұсақтауға және балқытуға арналған жабдық, салмағы 446 грамм алтын құймасы, 4 тонна алтын құрамды материал, 6 келі сынап, сондай-ақ 2 млн теңгеден астам және 8 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражат тәркіленді. Сонымен қатар, қару мен оқ-дәрілер де табылды.

Қазіргі уақытта заңсыз қызметке қатысы бар барлық тұлғалар, сондай-ақ заңсыз өндірілген бағалы металдардың көлемі анықталып жатыр. Жасырын цехты ұйымдастырушы қамауға алынды.