Ақмола облысы Целиноград ауданының Нуресиль ауылында 15 қыркүйекте жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан төрт жасар қыз қаза тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бала әкесінің жанында тұрған кезде қасынан «Газель» көлігі өтіп бара жатқан. Қыз көлік дөңгелегінің астында қалып, тіршілікке сыйымсыз жарақаттар алған.

«Жол-көлік оқиғасының салдарынан қыз қаза тапты. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады полиция департаментінде.

Аталған өлімге әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізілуде. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін қатаң сақтауға, сондай-ақ жолда аса мұқият болуға шақырды.