Ақмола облысында полиция қызметкерлері 30 млн теңге тұратын синтетикалық есірткіні тәркіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Polisia.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция қызметкерлері ірі есірткі таратушының әрекетін тоқтатып, заңсыз айналымнан синтетикалық есірткі партиясын алып қойды. Полиция мәліметінше, тәркіленген заттардың қара нарықтағы құны шамамен 30 млн теңгені құрайды.
Тексеру барысында Ақмола облысының 47 жастағы тұрғыны тыйым салынған заттарды сақтау және ораумен айналысқаны анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері күдіктіні облыс орталығында ұстады. Автокөлікті тінту кезінде полицейлер психотроптық зат салынған екі полиэтилен пакетін тауып, тәркіледі.
Кейінгі тергеу әрекеттері барысында күдіктінің Көкшетауға ірі партия синтетикалық есірткі әкелгені анықталды. Тергеу нұсқасы бойынша, ол оларды ұсақ дозаларға бөліп, әрі қарай тарату үшін курьер-салымшыларға беруді жоспарлаған.
Факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Полицейлер қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайын, сондай-ақ ұсталған адамның ықтимал сыбайластарын анықтауда.
Бұған дейін «Курсив» Қырғызстанға гашиш контрабандасы үшін үкімнен 9 жыл бойы жасырынып жүрген қазақстандық әйелдің Отанына қайтарылғаны туралы хабарлаған болатын.
