Ақмола және Павлодар облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты жазғы шиналармен жүретін автомобильдердің қозғалысына шектеу қойылып отыр. Шектеулер 8 қараша күні сағат 17:20-дан бастап республикалық трассалардың үш учаскесінде енгізіледі, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол». Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақмола облысында шектеулер келесі учаскелерде қолданылады:
- 01Астана — Шидерты — Павлодар — Успенка — Ресей шекарасы трассасының 200-254 шақырымы, яғни Ақмола облысының шекарасынан Шидерты кентіне дейінгі аралық.
Павлодар облысында да дәл осы трассаның 200-254 шақырымында, Ақмола облысының шекарасынан Шидерты кентіне дейінгі бөлігінде өту шектеледі.
Шектеулер жазғы шиналармен жабдықталған барлық көлік түрлеріне қатысты. Қозғалысты шамамен 9 қараша күні сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.
Жолдардың жай-күйі туралы ақпаратты 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы нақтылауға болады.
Бұған дейін «Курсив» 8 қарашаға Астанада, Алматыда және Қазақстанның барлық 17 облысында дауылды ескертулер жарияланғанын хабарлаған болатын. Ақмола облысында синоптиктер жаңбыр мен қар, кей жерлерде қатты жауын-шашын, көктайғақ және желдің 15-20 м/с дейінгі екпінін болжаған.
