Атырау облысында қайын жұртын қырып салған күйеу баланың ісі бойынша оның жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты іс тоқтатылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сұлтан Сәрсемалиевтың бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиева Индонезиядан экстрадицияланған болатын. Бас кезінде Ақбаян адам өлтіру бабымен айыпталған. Бірақ қылмыс құрамының болмауына байланысты айып алынып тасталды. Бұрынғы күйеуінің қылмысын жасырды деген күдік те болған.
Полиция істі тоқтатты. Облыс прокурорының көмекшісі Айсұлу Сүлейменнің мәлімдеуінше: "Тергеп-тексеру нәтижесімен, Мұқанғалиеваның іс-әрекетінде Қылмыстық кодекстің 434-бабының (қылмыс туралы хабарламау) дәлелденбеуіне байланысты 24 маусым 2026 жылы ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы негізінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп тексеру тоқтатылды".
Осылайша, Мұқанғалиева ата-анасы мен бауырларын өлтірген қатыгез жолдасының әрекеті үшін заң алдында жауап бермейді. Сот-психологиялық-психиатриялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, Ақбаянға динамикалық бақылау және қосымша дифференциалдық диагностика қажет. Қазір ол ем қабылдап жүр.
