Ақ үй АҚШ-тың дизель отынын экспорттауға тыйым салу мүмкіндігін қарастырып жатқаны туралы хабарламаны жоққа шығарды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін БАҚ-та АҚШ әкімшілігі дизель отынын экспорттауға тыйым салу мәселесін қарастырып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда Ақ үй бұл ақпаратты растамады және ресми түрде жоққа шығарды.
Ақ үйдің мәлімдемесі бойынша, мұндай шешім қарастырылмайды. Ресми өкілдер бұл хабарламаны негізсіз деп атады.
