Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамымен бөлісті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы демалыс күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейіп, екпіні артады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. 21–22 маусым күндері еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады деп болжанады.

Алайда болжам бойынша, ауа температурасы 30–38 градусқа дейін жоғарылайды. Тіпті 21–22 маусымда республиканың солтүстік-батысында және орталығында аптап ыстық күшейіп, ауа температурасы 40–41 градусқа дейін жетеді.

Тек батыс өңірлерде ыстықтың беті қайтып, ауа температурасы 22–33 градус шамасында болады.