Apple компаниясының жасанды интеллект қызметі Apple Intelligence Қытайдың киберкеңістік реттеушісінде тіркелді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қытайдың киберкеңістік әкімшілігі Apple компаниясының AI қызметін тіркеуге алды. Бұл қадам Apple-ге Қытай нарығында өзінің жасанды интеллект мүмкіндіктерін ұсынуға жол ашады. Қытай үкіметі шетелдік технологиялық компанияларға қатаң талаптар қояды, сондықтан бұл тіркеу маңызды қадам болып саналады.