Дональд Трамптың айтуынша, Apple компаниясы Intel-мен серіктестік орнатып, АҚШ-та чиптерді жобалау және өндірумен айналысады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Трамп бұл серіктестік АҚШ-тың жартылай өткізгіш өнеркәсібін нығайтуға және шетелдік жеткізушілерге тәуелділікті азайтуға көмектесетінін атап өтті. Apple мен Intel арасындағы келісімнің нақты шарттары әлі жарияланған жоқ, бірақ бұл қадам Американың технологиялық тәуелсіздігін арттыруға бағытталған.