Apple компаниясы АҚШ-та Klarna финтех сервисімен бірлесіп, құрылғыларды жалға беру бағдарламасын іске қосты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бағдарлама аясында пайдаланушылар iPhone, iPad және Mac сияқты Apple құрылғыларын ай сайынғы төлемдермен жалға ала алады. Бұл қадам Apple-дің өз өнімдерін қолжетімді ету стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
