Anthropic компаниясының қызметкерлері келесі аптада Ақ үй өкілдерімен кездесу өткізеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу жасанды интеллект саласындағы реттеу мәселелерін талқылауға арналған. Anthropic — жасанды интеллект зерттеулерімен айналысатын компания, оның негізін қалаушылардың қатарына бұрынғы OpenAI қызметкерлері кіреді.
