Танымал психотерапевт, 80-ші және 90-шы жылдардың соңында телеэкстрасенс ретінде аты шыққан Анатолий Кашпировский қайтыс болды. Ол 87 жаста еді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Андрей Малаховтың Telegram-каналы хабарлады.
Ресейлік БАҚ мәліметінше, Кашпировскийдің жүрегі тоқтаған. Туыстары жедел жәрдем шақырған, алайда оны құтқару мүмкін болмады.
Кашпировский қайта құру дәуірінің нағыз феноменіне айналды. 1980-ші жылдардың соңында ол миллиондаған көрерменді экранға жинап, жаппай телевизиялық «емдеу» және гипноз сеанстарын өткізді.
90-шы жылдардың басында ол АҚШ-қа эмиграцияға кетті, бірақ 2000-ші жылдары Ресейге оралып, онда сирек кездесулер өткізіп, өзінің «нұсқауларымен» су сатты.
Еске салайық, шамамен бір жыл бұрын, 2025 жылдың қазанында Кашпировский онкологиялық ауру аясындағы асқынуларға байланысты Мәскеуде шұғыл ауруханаға жатқызылған болатын.
Оған сәулелік терапия жасалғаны атап өтіледі. Алайда туыстарының айтуынша, психотерапевттің өзі оған онша сенбеген.
