Вьетнамнан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікпен ұсталған ер адам экстрадицияланды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға өткен жылы қарашада болған. Күдікті үйінде алкогольдік масаң күйде анасымен жанжалдасып, пышақпен бірнеше рет соққы жасаған.
«Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органынан бой тасалап, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланды», - дейді прокуратура.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында оның Вьетнам Социалистік Республикасының аумағында жүргені анықталып, маусым айында ол Дананг қаласында ұсталды.
Содан кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
