Жапонияда өтіп жатқан Азиат ойындары-2026 жарысының бірінші күні қазақстандық жүзушілер медальсыз қалды. Финалға шыққан жалғыз спортшымыз — Айбат Мырзамуратов. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Айбат Мырзамуратов 200 метр комплекс жүзу қашықтығында өнер көрсетті. Шешуші жүзуде ол 2:00,37 уақытымен жетінші орынды иеленді.

Алтын медальді жапондық Томоюки Мацусита жеңіп алды – 1:55,30. Оның отандасы Юмэки Кодзима небәрі 0,06 секундқа қалып, екінші орынға тұрақтады – 1:55,36. Қола медальді қытайлық Ван Шунь жеңіп алды – 1:57,14.

20 қыркүйек. Жүзу. 200 метр комплекс стилі. Ерлер:

🥇 1. Томоюки МАЦУСИТА (Жапония) – 1:55,30 🥈 2. Юмэки КОДЗИМА (Жапония) – 1:55,36 🥉 3. Ван ШУНЬ (Қытай) – 1:57,14 …7. Айбат МЫРЗАМУРАТОВ (Қазақстан) – 2:00,37

Қалған қазақстандықтар іріктеу кезеңінде жарысты аяқтады. 100 метр еркін жүзу қашықтығында Максим Клименко 13-ші нәтижені көрсетті, Адильбек Мусин 16-шы орынды иеленді.

Александр Румынский 100 метр арқамен жүзу квалификациясында өнер көрсетіп, 17-ші орынға тұрақтады, ол да финалға өте алмады.

Жапониядағы XX Жазғы Азиат ойындары кеше, 19 қыркүйекте ресми түрде ашылды. 45 елдің спортшылары қатысатын комплекс жарыстарда 460 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Оның 217-сі ерлер арасында, 204-і әйелдер арасында және 39-ы аралас разрядтарда. Турнирлер 41 спорт түрінің 68 дисциплинасында өтеді. Азиада-2026 ойындарында Қазақстан құрамасының сапында 559 спортшы өнер көрсетеді.