Amazon жүк ұшағы жексенбі күні Майами халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағынан шығып, бірнеше көлікке соғылып, өртке оранды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға салдарынан кемінде бес адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды. Әуежайдың барлық ұшу-қону жолақтары уақытша жабылды.

Әуежай қызметкерлері мен құтқарушылар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Ұшақтың экипаж мүшелерінің жағдайы туралы әзірге ресми ақпарат жоқ.

Бұл — АҚШ-тың ең жүктемелі әуежайларының бірінде болған ауыр оқиға. Тергеу басталды.