Amazon және Corning компаниялары АҚШ-та талшықты-оптикалық өндірісті дамыту үшін көпмиллиардтық келісімге қол қойды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Келісім аясында Corning компаниясы Amazon-ға жоғары сапалы талшықты-оптикалық кабельдерді жеткізеді, бұл Amazon-ның деректер орталықтары мен бұлттық инфрақұрылымын кеңейтуге көмектеседі. Бұл серіктестік АҚШ-тағы өндірістік қуаттарды арттыруға және жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.
