Amazon Prime Air компаниясының Boeing 767 жүк ұшағы Майами халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағынан шығып кетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға жексенбі күні болған. Ұшақ қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кеткен. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Әуежай қызметтері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Тергеу басталды.
