Amazon мен G42 Павлодар облысындағы ірі жобаға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысында мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін Қазақстан Орталық Азия елдері арасында бірінші болып екі суперкомпьютерді сәтті іске қосқан болатын. Бүгінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамытуға арналған заңнама қабылданды.

Ал Павлодар облысында 1 гигаваттқа жететін Орталық Азиядағы ең ірі дата-кампус - Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы құрылады. Бірегей жоба жаһандық капитал мен әлемнің жетекші технологиялық компанияларының басын қосатын қуатты орталыққа айналмақ.

«Amazon, G42 және басқа да салалық көшбасшылар осы экожүйеге қатысу мүмкіндігін қарастыра бастады», – деді Тоқаев.

Айта кетері, президент жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы жыл сайын өткізіледі. Осы жолы 38-ші пленарлық отырыс ұйымдастырылды.