Алжирде жолаушылар автобусының аударылуы салдарынан кемінде 25 адам қаза тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға жергілікті уақыт бойынша жұма күні болған. Құрбандар саны әлі де нақтыланып жатыр, бірақ алдын ала мәліметтер бойынша кемінде 25 адам қаза тапқан. Жолаушылар автобусының аударылуына не себеп болғаны әзірге белгісіз, тергеу жүргізілуде.
