Алжирде жолаушылар автобусы жартастан құлап, кемінде 25 адам қаза тауып, 44 адам жарақат алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Алжирдің Азаматтық қорғаныс қызметінің алдын ала мәліметі бойынша, оқиға жұма күні болған. Автобус Сетиф қаласынан астанаға бет алған. Эль-Карма елді мекенінде, Алжир қаласынан шамамен 50 шақырым жерде, автобус тайып, терең жартасқа құлаған.

Құтқарушылар оқиға орнында жұмыс істеп, жарақат алғандарды жақын маңдағы ауруханаларға жеткізу үшін үздіксіз жедел жәрдем көліктері жұмылдырылған.

Алжир президенті Әбделмаджид Теббун мемлекеттік телеарна арқылы үш күндік ұлттық аза тұту жариялағанын хабарлады.