Алжир футбол федерациясы Аргентинаға қарсы ойындағы төрешілікке қатысты ФИФА-ға ресми шағым жолдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шағым Алжирдің Аргентинадан жеңілген матчындағы төрешілердің шешімдеріне қатысты. Алжир тарапы төрешілікте бірқатар қателіктер жіберілгенін алға тартып, ФИФА-дан мұқият тексеру жүргізуді сұрады.