Ақмола облысында АҚ «Алтынтау Көкшетау» кен орнында алғашқы жерасты жарылысы болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, бұл оқиға кенішті игерудің жаңа кезеңіне — жерасты әдісіне көшуге жол ашты.
«Шахталық әдіске көшу — бұл кәсіпорын үшін үлкен тарихи сәт. Бұл кен орнының өмірлік циклін 2047 жылға дейін ұзартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және кәсіпорынның дамуына жаңа серпін береді», — деп атап өтті Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов.
Өндірістік аумақты кеңейту үшін компанияға 1057 гектар жер телімі қосымша берілді.
«Алтынтау Көкшетау» — «Казцинк» ЖШС-нің алтын өндіру бөлімшесі. Бұған дейін өндіру ашық әдіспен жүргізіліп, жылына 15 тоннаға дейін алтын алынатын.
Аумақта алтын кен орны және 2009 жылы іске қосылған байыту фабрикасы жұмыс істейді. Онда руда төрт микронға дейін ұсақталады. Алынған Доре қорытпасы Өскемен металлургиялық кешенінің аффинаж зауытына жіберіледі.
Кәсіпорында 1700-ден астам адам жұмыс істейді. Оның үлесі Ақмола облысының өнеркәсіп өндірісінің 17%-ын және өңдеу өнеркәсібінің 23%-ын құрайды.
Бұған дейін «Курсив» «Казцинк» сатылуы туралы қауесеттер мен зауыттағы жарылыс аясында Glencore-ге $771 млн табыс әкелгенін хабарлаған болатын.
