Алтын бағасы екі апталық минимумға төмендеді, себебі Федералды резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлемені көтеруі долларды нығайтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

ФРЖ-нің мөлшерлемені көтеру туралы болжамдары инвесторлардың долларға деген сенімін арттырып, алтынның тартымдылығын төмендетті. Алтын әдетте доллармен кері байланыста болады, яғни доллар нығайған кезде алтын бағасы төмендейді.