Алматы – Ташкент халықаралық бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» АҚ. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
1 қазаннан бастап алғаш рет №1/2 «Алматы – Ташкент» халықаралық пойызының құрамында «Әйелдер вагоны» қатынай бастайды.
«Бұл қызмет ішкі теміржол бағыттарында да жолаушылар арасында жоғары сұранысқа ие. "Әйелдер вагоны" іске қосылғаннан бері оны 946 мыңнан астам жолаушы пайдаланды», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов.
Қазіргі уақытта пойыз күн сайын қатынайды:
- 01Алматы станциясынан жөнелуі – 19:05;
- 02Ташкент станциясына келуі – 12:53 (Ташкент уақытымен);
- 03Ташкент станциясынан жөнелуі – 14:41 (Ташкент уақытымен);
- 04Алматы станциясына келуі – 08:51.
Жаңа вагон іске қосылғаннан кейін «Әйелдер вагондарының» жалпы саны 14-ке жетеді:
- 01№77/78 «Алматы – Маңғыстау»;
- 02№351/352 «Алматы – Маңғыстау»;
- 03№45/46 «Павлодар – Түркістан»;
- 04№37/38 «Маңғыстау – Семей»;
- 05№47/48 «Атырау – Астана»;
- 06№33/34 «Ақтөбе – Алматы»;
- 07№3/4 «Астана – Алматы»;
- 08№71/72 «Астана – Шымкент»;
- 09№353/354 «Астана – Семей»;
- 10№23/24 «Ақтөбе – Алматы»;
- 11№25/26 «Алматы – Шымкент»;
- 12№613/614 «Орал – Маңғыстау»;
- 13№81/82 «Нұрлы жол – Орал»;
- 14№1/2 «Алматы-2 – Ташкент».
«Әйелдер вагонында» жеті жасқа дейінгі ұл балаларды қоса алып жүруге рұқсат етіледі. Бұл вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады, ал жолаушыларға тек әйел жолсеріктер қызмет көрсетеді.
Ұлттық тасымалдаушының хабарлауынша, жолаушылар билет сатып алар кезде кассирге «Әйелдер вагонын» таңдағанын айтуы керек. Сондай-ақ билетті bilet.railways.kz ресми сайтынан онлайн сатып алуға болады. Билет рәсімдеу кезінде орынның әйелдер вагонына тиесілі екенін білдіретін «ЖН» белгісіне назар аудару қажет.
