Бүгін Алматының үш ауданында электр жарығы өшіп қалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қаланың электрмен жабдықтау жөніндегі жергілікті операторы хабарлағандай, «Алатау Жарық Компаниясы» мамандары оқиға орындарына жедел барып, қажетті техникалық жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Еске салайық, 14 тамызда Алматыда жаппай жарық өшкен болатын. Сол кезде еліміздің тағы сегіз облысында электрмен жабдықтауда ақаулар тіркелді.
