Түрксіб ауданында әлеуметтік инфрақұрылым дамып келеді. Білім беру мен денсаулық сақтау саласында бір мезетте 20-дан астам жоба жүзеге аспақ. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Бақытжан Ақжаров биыл іске қосылатын және алдағы екі жылға жоспарланған жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Todayinfo.

Биыл аяқталған жобалар: • №59 мектеп-гимназиясының бөлімшесі қайта жаңартылды, • жатақханасы бар Телекоммуникация колледжінің құрылысы.

Жыл соңына дейін пайдалануға берілетіндер: • Time City, Парасат, Altyn City, Jeti Qazyna тұрғын үй кешенінде 6100 орындық 4 жаңа мектеп, • №50 мектептің сейсмикалық күшейтілуі, • ПК Қонаевта 260 орындық балабақша.

Жас-Қанат шағынауданында үлкен жоба — Шығармашылық дамыту орталығының құрылысы басталды.

2026 жылға арналған жобалар: • №170 мектепте 125 орындық қосымша ғимарат салынады, • №78 мектепті 450 орынға қайта жаңартады. Сонымен қатар 6 үлкен білім беру нысанының жобалау жұмысы жүргізіліп жатыр, оның ішінде: • №74, №89, №20 мектепте жаңа ғимараттар салу, • №142 және №84 мектепті жаңғырту, • Алтай, Әлмерек шағынауданы мен Огарев көшесінде балабақша жобалау.

Биыл Жұлдыз шағынауданындағы №20 емханаға күрделі жөндеу жүргізілді.

Жыл соңына дейін аяқталатын жобалар: • Айбасов көшесінде 200 адамға арналған амбулатория алынады, • №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімін жаңғыртады.

Намаганская көшесінде ауысымына 500 адам қабылдайтын емхана салынады. Оның құрылысы келер жылдың тамызында бітпек.

Алты нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, оған мыналар кіреді: • 200 адамға арналған 2 отбасылық-дәрігерлік амбулатория (РВ-90 және Әлмерек ш/а), • №24 қалалық емхана мен Фтизиопульмонология орталығы ғимараттары күрделі жөндеуден өтеді, • №8 қалалық клиникалық аурухананы жаңғыртады, • Қайрат шағынауданында 340 адамға арналған емхана салынады.