Фото: gov.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Бақытжан Ақжаров биыл Түрксіб ауданында 247 шақырымнан асатын инженерлік желі салынғанын хабарлады, деп жазады qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Биыл біткен үлкен құрылыстар:

• 180,9 шақырым су құбыры,

• 66,6 шақырым кәріз желісі.

Бұл жұмыс Шуақты, Әлмерек, Төменгі Бесжылдық, Қайрат шағынауданы мен біраз көшені қамтыды.

Жыл соңына дейін Маяк шағынауданында инженерлік желілердің құрылысы толық аяқталады, оның ішінде:

• 11,5 шақырым су құбыры,

• 22,5 шақырым кәріз желісі,

• Төменгі Бесжылдықта 1 КНС құрылысы бар.

2026 жылы Ақан Сері – Сейфуллин – Шолохов көшесіндегі жұмыс бітіп:

• 18,8 шақырым су құбыры,

• 27,9 шақырым кәріз желісі салынады.

Келер жылы Рысқұлов – Жансүгіров – Шолохов – Сейфуллин көшесінің аумағында орталық коммуникацияның құрылысы басталады. Сонымен қатар Нұршашқан және Қайрат шағынауданындағы қамтылмаған аумақтарға инженерлік желілер салуды көздейтін жобалар әзірленіп жатыр.