Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматы қаласына аса қажетті нысанды атады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Министрдің айтуынша, конгрестік-іскерлік туризмнің экспорттық әлеуеті жоғары. Мәселен, былтыр Қазақстанда 13 халықаралық іс-шара ұйымдастырылды. Ал ел экономикасына шамамен 18 млн АҚШ доллары көлемінде табыс түсті.
Бірақ Алматыда халықаралық шара өткізетін заманауи конгресс орталық жоқ. "Алматы қаласы іскерлік белсенділіктің негізгі орталығы ретінде халықаралық деңгейдегі заманауи конгресс-көрме кешеніне мұқтаж. Бұл мәселе бойынша тиісті шешім қабылдау қажет", - деді Мырзабосынов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Қазақстанның халықаралық нарықтағы орнын нығайту үшін қолданыстағы инфрақұрылымдық шектеулерді де жою керек, дейді министр.
